Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Алматы маңында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды

Алматы облысында Ан-2 ұшағының апатты жағдайда қонуына байланысты тергеу басталды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрлардан ұшақтың төмен биіктікте ұшып, кейін аэродромнан алыс жердегі бұталарға қонғанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға Талдыбұлақ-Қаракемер ауданында болған.

Министрлік не хабарлады?

Көлік министрлігі бұл оқиғаны адам шығыны жоқ, ресми түрде авиациялық оқиға ретінде тіркегенін мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, UP-A0091 тіркеу нөмірі бар Ан-2 ұшағы апатты қону жасаған, содан кейін ресми тергеу басталды.

Қазіргі уақытта Көлік комитетінің көлік оқиғаларын тергеу департаментінің маманы оқиға орнына жіберілді. Ол болған жайды анықтайтын болады.

Новости

Реклама