Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Алматыда +23 градус: Температура рекорды жаңартылды

Бүгін, 19 ақпанда Алматы қаласында ауа температурасы +23 градусқа дейін көтеріліп, тарихи рекордты жаңартты. Бұл көрсеткіш синоптиктерді де таң қалдырды.

Қазгидрометтің мәліметінше, мұндай жылы ауа райы бұрын-соңды ақпан айында тіркелмеген. Соңғы рет Алматыда ақпан айындағы ең жоғары температура 2021 жылы 16,3 градус жылылық болған.

Метеостанцияда +22,8 градус тіркеліп, бұл жаңа рекордтық көрсеткіш болып саналады.

Алайда, бұл жылылық ұзаққа созылмайды. Ертеңнен бастап, яғни 20 ақпаннан бастап, ауа температурасы қайта төмендей бастайды. Сенбіде күндіз +7+9 градус, түнде +3+5 градус болады. Ал жексенбіде түнде 0-2 градусқа дейін суытып, күндіз +8+10 градусқа дейін жылынады.

Айта кетейік, биыл Алматыдағы қыс ерекше болды. Көп уақыт бойы қалада плюстік температура сақталып, желтоқсан айында көктемгідей жылылық байқалды. Қаңтарда тіпті қарлығаштар мен қаз-үйректер көрінген.

Мамандар мұндай қолайсыз ауа райына Орта Азиядан, соның ішінде Ауғанстан, Иран және Өзбекстан аудандарынан келетін жылы ауа массаларының әсері себеп болды деп түсіндірді.

Новости

Реклама