Последнее обновление

(Время обновление 2 часа назад)
Алматыда жауынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді

Алматыда жаңбыр жауып, ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді. Синоптиктердің болжамы бойынша, жауын 12 мамыр күні түске дейін жалғасады.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазгидрометтің мәліметінше, Алматыда орташа және қатты жауын, найзағай, сондай-ақ желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. 11 мамырда кей жерлерде қатты жауын мен желдің секундына 18 метрге дейін күшеюі болжанып отыр.

Коммуналдық қызметтердің дайындығы

Қала әкімдігінің хабарлауынша, ықтимал локалды су тасқындарының алдын алу және жою мақсатында коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдар тәулік бойы кезекшілікке шықты. Оларға 104 арнайы техника, 74 мотопомпа, 12 илосос машинасы, 425 жол жұмысшысынан тұратын 75 жедел бригада жұмылдырылды. Сондай-ақ, 2300 қап құм дайындалды.

Бұған қоса, арнайы техникалар мен 15 мотопомпамен жабдықталған Алматы қалалық Құтқару қызметі де кезекшілікте.

Қалалық ТЖД желісі бойынша 53 бірлік арнайы техника мен 240 жеке құрам жұмылдырылды. Барлығы тәуліктік шығыс 3080 жол жұмысшысы мен 1225 арнайы техниканы құрайды.

Қала тұрғындарына ескерту

Бұған дейін қалалық ТЖД Алматы тұрғындары мен қонақтарына 11 мамырда тауға шығуды кейінге қалдыруға кеңес берген болатын.

Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнде температураның күрт өзгеруі, жаңбыр мен қатты жел болатыны хабарланған еді.

Новости

Реклама