Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Апатқа ұшыраған ұшақ бортындағы тірі қалған адам Павлодарда жансақтау бөлімінде жатыр

Павлодар облысында Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауынан аман қалған пилот ауыр халде қалалық №1 аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол қазір тиісті ем-шараларды қабылдап жатыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жансақтау бөліміндегі жағдай

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1998 жылы туған ер адам политравма диагнозымен Павлодар қалалық №1 ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне түскен. Медицина қызметкерлері оның жағдайын бақылауда ұстап, қажетті емді көрсетуде.

«Жансақтау бөліміндегі алғашқы тәулік әрқашан ауыр деп бағаланады. Бұл – стандартты протокол. Алғашқы күні жағдайдың динамикасы мұқият бақыланады», - деп хабарлады Павлодар қалалық №1 ауруханасының өкілдері.

Апат туралы

Еске сала кетейік, Ан-2 ұшағының апаты 27 мамыр күні таңертең Павлодар облысының Железинка ауылы маңында болды. Ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін пилот тірі қалған.

Новости

Реклама