
- 23 июн. 2025 17:04
- 12
АҚШ-тың жасырын соғысы: Украина мен Израиль арқылы Ресей мен Иранға қарсы күрес
АҚШ бүгінде соғыс ашпай-ақ соғыс жүргізудің шеберіне айналды. Украина мен Израильдің соңғы шабуылдары — Ресей мен Иранға қарсы бағытталған — бұл шындықты тағы бір мәрте дәлелдеді. Қарулы күш қолданбай, Вашингтон геосаяси қарсыластарын «қолымен от көсеп» әлсіретіп отыр. Бұл — ХХІ ғасырдың жаңа соғыс моделі.
АҚШ футурологы әрі геосаяси сарапшы Джордж Фридман екі соғыстың ұқсастығын атап өтеді:
Дипломатия сәтсіз болған соң соққы берілді. Вашингтон Ресеймен де, Иранмен де келіссөз жүргізуге тырысты. Бірақ келісімге келе алмаған соң, «қолшоқпарларын» іске қосты.
Шабуылдар тыңшылық пен жасырын операцияларға сүйенді.
АҚШ ашық қатыспаса да, барлығын бақылап отыр. Израильдің Иранға соққысы алдында АҚШ-тың рұқсатын алғаны ресми мойындалды. Украинамен де тығыз барлау алмасу жүріп жатқаны белгілі.
Мақсат — стратегиялық объектілерді жою және жауды іштен үрейлендіру.
Жауап ретінде – тек әуе шабуылдары. Нақты әрі символдық жауап. Бірақ соғыстың бағытын түбегейлі өзгертпейді.
АҚШ-тың жаңа стратегиясы — «клиент-мемлекеттер» арқылы қимылдау. Израиль мен Украина — соғыс жүргізушілер. АҚШ — қару мен барлау беруші, әрі саяси параметрлердің реттеушісі. Бұл модель:
АҚШ-ты адам және ресурс шығынынан қорғайды;
Әлемдік аренадан бейтарап кейіпте көрінуге мүмкіндік береді;
Бірақ нақты нәтижеге жетуге сеп болады — қарсыластар әлсірейді, геосаяси тепе-теңдік бұзылады.
Иран: алдын ала белгілі сценарий
Фридман Иранға соққының алдын ала болатынын айтқан. Оның ойынша:
Иран ядролық қару өндірісін жасыра алмайды.
Израиль мен АҚШ ол объектілерді іске қосылғанға дейін-ақ жойып тастайды.
Аймақта Иран араб әлемінде танымал емес, сондықтан ізінше ауқымды соғысқа ұласу ықтималдығы аз.
Ресейге қарсы Украина шабуылы — нақты жоспарланған, ауқымды жасырын операция болды. Сібірге дрондарды жіберу — күрделі логистика мен терең дайындықты талап етті. Фридман Путиннің нақты не істерін білмей, кідіріп тұрғанын атап өтеді. Украина тарапынан тағы қандай тосынсый болатыны белгісіз. Бұл — Мәскеу үшін ең қауіпті белгі.
Фридман айтып өткендей, дәстүрлі ауқымды соғыстардың дәуірі аяқталуда. Орынбасарлар мен барлау, дәл соққылар мен жасырын операциялар — бүгінгі күннің әскери доктринасы.
АҚШ соғысты өз қолымен емес, өз мүддесін бөлісетін елдердің қолымен жүргізіп отыр. Бұл – қауіпсіз, тиімді әрі саяси жауапкершіліктен арылтатын құрал. Бірақ мұндай соғыстардың құрбаны бәрібір адам.