Последнее обновление

(Время обновление 3 недели назад)
WP: "Трамптың Иранға берген екі аптасы — қақпан болатын": АҚШ Иранды қалай жаңылыстырды?

WP: "Трамптың Иранға берген екі аптасы — қақпан болатын": АҚШ Иранды қалай жаңылыстырды?

Дональд Трамптың "екі апта күтеміз" деген сөзі — дипломатия емес, стратегиялық алдау болған. Washington Post басылымының дерегінше, АҚШ президентінің мәлімдемесі Иранды тыныштандыру үшін жасалған тактикалық маневр болған. Шын мәнінде, соққы жоспары әлдеқашан әзір тұрды.


Трамп 21 маусымда Иранға екі апта уақыт беретінін айтқан. Бұл мәлімдеме Тегеранға келіссөзге келу мүмкіндігін көрсеткендей болды. Бірақ, шын мәнінде, Израиль бұған дейін-ақ АҚШ-қа: "күтуге уақыт жоқ" деп қатаң ескерту жасаған.

Вашингтон Post жазуынша, АҚШ бұл уәдені Тегеранның қырағылығын әлсірету үшін пайдаланған. Ақ үйдегі жоғары лауазымды тұлғаның сөзінше, Трамп бұл шартты кез келген сәтте бұзып, операцияны бастау құқығын сақтап қалған.


22 маусымға қараған түні АҚШ Иранның үш ядролық нысанына – Натанз, Фордо және Исфаханға әуе соққы жасады. Вашингтонның мәлімдеуінше, бұл операция ядролық бағдарламаны мүлдем жою немесе қатты әлсірету үшін жасалды.


Батыс дипломатиясы — сөз емес, сценарий. Екі аптаға уәде берген Трамп бірнеше күн ішінде соққы берді. Бұл – Вашингтонның жаңа тәсілі: келіссөз түрінде уақыт ұтып, әскери операциямен қарсыласты бейтараптандыру. Иран бұдан сабақ алады ма — белгісіз. Бірақ геосаяси шахматта келесі жүрісті АҚШ әлдеқашан дайындап қойған сияқты.

You Might Also Like

Новости

Реклама