Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 23 апр. 2026 19:00
- 26
Ақын Серікбай Әбілмәжін 42 жасында өмірден озды
Қазақ әдебиетінің тағы бір жарқын жұлдызы өшті. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Әбілмәжін 42 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы Жазушылар одағының баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өмір жолы
Серікбай Әбілмәжін 1984 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетін, ал 2015 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология бөлімін бітірген.
Еңбек жолы
Ақын еңбек жолын Бурабай ауданындағы мектептерде мұғалім болып бастаған. Кейіннен Бурабай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарып, аудандық «Бурабай» газетінде редактор болды.
Шығармашылығы
Серікбай Әбілмәжіннің өлеңдері «Сарыарқа самалы» ұжымдық жыр жинағына және қазақ поэзиясының он томдық антологиясы «Жыр маржанына» енген. Оның «Үркертолғақ» атты жыр жинағы 2014 жылы «Хантәңірі» баспасынан, ал «Сарша тамыз» атты кітабы 2021 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген.