Photo: Bia Limova (https://www.pexels.com/@bia-limova-1908542654) / Pexels
- 24 апр. 2026 14:31
- 30
Астанада «ақылды» есептегіш орнатса да, тексерушілер әлі келе ме? Тұрғынның шағымына жауап берді
Астана тұрғыны «ақылды» есептегіш орнатса да, электр энергиясын есептеуіштің көрсеткіштерін әлі күнге дейін қолмен тексеріп жүргеніне шағымданды. Бұл туралы «Астана РЭК» АҚ-ның ресми жауабында айтылды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Не болды?
Астана қаласының Макаренко өткелінде тұратын азамат бірнеше жыл бұрын үйіне «ақылды» есептегіш орнатқан. Бастапқыда бәрі дұрыс болғанымен, соңғы екі жылда есептегіштің көрсеткіштерін қолмен тексеру үшін контролерлер келе бастаған. Тұрғынның айтуынша, бұл көрсеткіштердегі «қандай да бір сәйкессіздіктермен» байланысты.
Неге бұл маңызды?
«Астана РЭК» АҚ мамандарының айтуынша, Макаренко өткеліндегі тұтынушыларға электр энергиясын жеткізуді жақсарту мақсатында, оларды басқа трансформаторлық қосалқы станцияға қайта қосу жұмыстары жүргізілген. Осыған байланысты автоматтандырылған энергия ресурстарын бақылау және есепке алу жүйесінің жұмысында уақытша ақаулар туындаған.
Шешімі қандай?
Компанияның хабарлауынша, бұл ақауларды жою жұмыстары 30 сәуірге дейін толықтай аяқталады. Осы мерзімнен кейін есептегіш көрсеткіштері бұрынғыдай автоматты режимде, контролердің келуінсіз қашықтан алынатын болады.
Бұған дейін Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан Қазақстандағы пәтер мен үй иелерінің «ақылды» есептегіштерге ауысқаны үшін ақы төлемейтінін хабарлаған болатын. Елдегі тұтынушыларды 2029 жылға қарай толықтай цифрлық есептеуіш құралдарымен қамту жоспарланған.