Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова
- 13 февр. 2026 19:31
- 20
Астанада боран, Алматыда +11 градус жылылық күтілуде
Алдағы үш күнде Астана мен Алматы қалаларындағы ауа райы қандай болатыны белгілі болды. Синоптиктердің мәліметінше, Астанаға бұрқасын қайта оралып, ауа температурасы күрт төмендесе, Алматыда күн жылынып, жайлы ауа райы сақталады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанадағы ауа райы болжамы
14 ақпан күні Астанада айнымалы бұлтты болып, жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік бағыттағы жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -25-27, күндіз -9-11 градус жылы болады.
15 ақпан күні де жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыс желі 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде термометр бағаны -24-26, ал күндіз -5-7 градусты көрсетеді.
16 ақпан күні айнымалы бұлтты болып, күндіз қар жауып, боран соғады. Жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс желі түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз 0-2 градус суық болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
14 ақпан күні Алматыда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кейде тұман мен көктайғақ байқалады. Солтүстік-шығыс желі 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +2+4 градус жылы болады.
15 ақпан күні түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең тұман, жолда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде -1-3, ал күндіз +5+7 градус жылы болады.
16 ақпан күні айнымалы бұлтты болып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыс желі 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -1+1, ал күндіз +9+11 градус жылы болады.
Қазақстанға циклон келеді
Бұған дейін синоптиктер 15 ақпаннан бастап Қазақстанға циклон келетінін хабарлаған болатын. Ол ел бойынша жаңбыр мен қар, боран әкеліп, біртіндеп жылынып, ауа температурасының көтерілуіне себеп болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр мен қар жауады. 14-15 ақпан күндері кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.