Последнее обновление

(Время обновление 3 часа назад)
Астанадағы камералар енді белдік пен телефонды ұстамайтындарды анықтайды

Астанада жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа жүйе іске қосылды. Енді арнайы камералар жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін тақпағанын немесе көлік жүргізіп отырып, телефонмен сөйлескенін анықтай алады. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларын азайтуға және қала жолдарын босатуға бағытталған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы көлік саны жыл сайын шамамен 10 пайызға артып келеді. Қазіргі таңда қалада ресми тіркелген 456 мыңнан астам автокөлік бар, ал тіркелмегендері шамамен 50 мыңға жуық. Күн сайын қалаға 100 мыңға жуық көлік кіріп-шығады, бұл жолдарға түсетін салмақты арттырады.

Жол қозғалысын басқару жүйесі

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, көлік қозғалысын реттеу және қауіпсіздікті арттыру үшін кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама аясында бірыңғай оператор – Жол қозғалысы орталығы құрылған. Ол паркинг, көлік ағындары, бағдаршамдарды басқару, эвакуация және жол апаттылығын азайту шараларын үйлестіреді.

Қазіргі уақытта 818 бағдаршамның 582-сі автоматтандырылған режимге көшірілді. Олар жолдың жүктемесіне байланысты өз режимін өзгертеді.

Новости

Реклама