Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
“Келін қылып алатын қыз”: Қазақша ән салған португалиялық Лара Алейшу қазақстандықтарды тәнті етті

“Келін қылып алатын қыз”: Қазақша ән салған португалиялық Лара Алейшу қазақстандықтарды тәнті етті

 Әлеуметтік желіде қазақ тілінде ән шырқап, жұрттың жүрегін жаулаған португалиялық Лара Алейшу ел назарын өзіне аударды. 24 жастағы әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына тәнті болып, қазақ музыкасына ғашық болғанын айтады.

Лара бірнеше қазақша кавер жазып, Қазақстанға үш рет сапарлап келген. Ол сахнада да өнер көрсетіп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленген.

 "Қазақ халқы өте дарынды, мейірімді әрі қонақжай. Қазақ тілін үйренгім келеді. Болашақта авторлық әндер жазып, қазақ әртістерімен бірге жұмыс істеуді армандаймын", – дейді Лара.

 Желі қолданушылары оны "келін қылып алатын қыз" деп әзіл-қалжыңмен жылы қабылдап, қолдау көрсетіп жатыр.

 

You Might Also Like

Новости

Реклама