Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 23 апр. 2026 22:30
- 28
Атыраудағы қанды қырғын: Прокуратура сыртқы күштердің қатысы жоқ екенін нақтылады
Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа мәліметтер жарияланды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық прокуратура өкілінің айтуынша, тергеу барысында оқиғаға үшінші тұлғалардың қатысы анықталмаған. Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбектің мәлімдеуінше, қылмыс күдікті мен жәбірленушілер оңаша қалған сәтте, бөгде адамдардың араласуынсыз болған.
Сыртқы күштердің ықпалы жоқ
«Сыртқы күштердің ешқандай ықпалы жоқ. Барлық жайт күдікті мен жәбірленушілер жеке қалған уақытта болған. Басқа тұлғалардың қатысы анықталған жоқ», – деді ол.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты екі және одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкін жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
-
Белгілі ресейлік журналист, тележүргізуші және режиссер Алексей Пиманов 64 жасында өмірден озды. Ол "Бірінші арнадағы" "Адам және заң" бағдарламасын 25 жыл бойы жүргізген.