Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Нурлан Сабуров туған қаласы Степногорскіде болып қайтты

Танымал қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуров өзінің туған қаласы Степногорскіге келді. Ол жерде жас боксшылар арасында өткен, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Камашовты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жаңалықты алғаш рет Instagram желісінде журналист Ерзат Серғазин жариялады. Ол комикпен бірге түскен суретін бөлісті.

Жас боксшылар арасындағы турнир Степногорск қаласында 20-25 сәуір аралығында өтуде.

«Степногорск тумасы, белгілі стендап-комик Нұрлан Сабуров Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Камашовты еске алуға арналған бокс турниріне келді», - деп жазды Серғазин.

Нұрлан Сабуров – стендап жанрындағы қойылымдарымен кең танымалдылыққа ие болған қазақстандық комик. Ол бала кезінен бокспен айналысады.

Новости

Реклама