Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Балалардың денсаулығына қатысты ережелер қайта қаралады

Кеше ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Парламент Сенатының депутаттары, оның ішінде Бірғаным Әйтімова жетекшілік ететін әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитеттің мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында әлеуметтік салаға қатысты маңызды сұрақтар талқыланды. Вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов атап өткендей, өткен жылы Парламентке білім, денсаулық және мәдениет мәселелері бойынша 7 қорытынды жолданды.

Балаларды балабақшаға кезекке қоюды және жолдама беруді автоматтандыру, мекетпке дейінгі білім беру нысандарының желісін ұлғайту сияқты мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мәселелері қаралды. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 41,9 мың жаңа орындар құру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, орта білім беруге қатысты апатты және үш ауысымдағы мектептердің орнына 56 нысан құрылысын салу, 2,5,7 сыныптарда жаңартылған бағдарламамен бес күндік оқу аптасына көшу, бітіру және оқуға түсу емтихандарын бөлу арқылы жаңа форматта ҰБТ өткізу сұрақтары қаралды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы мектептегі тамақтану, құрал-жабдық, киім үлгісі, спорт және басқа да балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты стандарттар мен ережелер қайта қаралады.

Кәсіптік-техникалық білім саласында «жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын жүзеге асыру қарастырылуда. Алдын-ала мәлімет бойынша ол 47,3 мың адамды қамтиды, 67 жұмысшы мамандығы бойынша жаңа модульдік бағдарлама әзірленіп, жаңа бағдарламаны жүзеге асыру үшін 5200 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері оқытылды.  

Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім саласында корпоративті басқару қағидасы енгізіліп, ішкі аудит қызметі құрылады. ЖОО-ның ұйымдастыру-құқықтық формасы өзгеріп, коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға өтеді. ЖОО-на мемлекеттік аттестация халықаралық аттестациямен ауыстырылады.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және оның филиалдарын құру сұрағы көтерілді. Осы жылы медициналық оқу орындарында педиатрия факультеті ашылады және педиатрия учаскелері қалпына келтіріліп, өңірлердегі барлық емханаларда электронды кезек енгізіледі. Халықаралық стандарттарға сәйкес кезең-кезеңімен онкологиялық диспансерлер базасында орталықтандырылған химиялық препараттарды құру кабинеттері ашылады. Сондай-ақ, дәрі-дәрмек бағасына регрессивті өлшем енгізу мәселесі қаралды.

 


You Might Also Like

Новости

Реклама