Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Бетперде киген белгісіз жігіттің кім екені туралы болжам айтылды

Қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдырған, бетперде мен көзілдірік киіп, ешкімге танылмай жүрген жас жігіттің кім екені туралы болжам айтылды. Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлының айтуынша, бұл Димаш Құдайберген болуы ықтимал.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғалымның болжамы

Сұлтан Хан Аққұлы Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында қайырымдылықпен айналысып жүрген бейтаныс жігіттің кім екенін білетінін мәлімдеді. Ол бұл тұлғаның қазақстандық әнші Димаш Құдайберген екеніне болжам жасады. «Мен оның кім екенін іштей білем. Сол Димаш Құдайберген ғой. Қазақтың Құдай берген азаматы Димаш деп ойлаймын. Немесе Димаштың атынан істеп жүрген бір жақын досы болуы мүмкін. Бір қызығы, жұрттың көбі солай ойлайды», - деді ғалым.

Қоғамға үлгі боларлық іс

Ғалым бұл әрекетті қоғамдағы байларға үлгі ретінде көрсетуге болатынын атап өтті. «Өзінің қарақан басының қамын ойлайтын шіріген байларға өнеге боларлық іс атқарып жүр. Ортамыздан шыққан қазақтың қаракөз азаматы ғой әйтеуір», - деп қосты Сұлтан Хан Аққұлы.

Новости

Реклама