Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
Болат Назарбаевтің бұрынғы әйелі құқық қорғау органдарына арыз жазды

Болат Назарбаевтің бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиева алаяқтық фактісі бойынша құқық қорғау органдарына арыз берді. Бұл туралы «Чиновник» Telegram арнасы хабарлады. Арызда Болат Назарбаев пен оның айналасындағы бірқатар тұлғалар көрсетілген.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жылжымайтын мүлікке қатысты дау

Құрманғалиеваның айтуынша, 2011 жылы ол Қазақстаннан тыс жерде болған кезде, Болат Назарбаевтің жақындары оның сеніміне кіріп, Алматыдағы бірнеше жылжымайтын мүлік нысандарын иеленген.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тиісті органдарға өтініш жолданды. Істің мән-жайы анықталуда.

Бұрын да құқық қорғау органдарының назарында болған

Бұған дейін Майра Құрманғалиеваның да құқық қорғау органдарының назарына іліккені және бірқатар резонансты істерге қатысы болғаны айтылады.

2011-2012 жылдары ол алаяқтық, бопсалау және заңсыз бас бостандығынан айыру айыптары бойынша халықаралық іздеуде болған.

Сонымен қатар, 2022 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі Құрманғалиеваға қатысты активтерді рейдерлік жолмен басып алу ісі бойынша тергеудің қайта басталғаны туралы хабарлаған.

Новости

Реклама