Последнее обновление

(Время обновление 7 месяцев назад)
«Досаев қызметінен кетті» Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

«Досаев қызметінен кетті» Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды,-деп жазады Инфохаб.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылып, оның орнына Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды тағайындалды.

Ерболат Досаев мегаполисті 2022 жылдың ақпанынан бері басқарды. Оның әкімдік кезеңі Алматының инфрақұрылымдық дамуы мен урбанистика саласындағы жобалармен ерекшеленді.

Жаңа әкім Дархан Сатыбалды — тәжірибелі басқарушы кадр. Ол 2025 жылдың қаңтарынан бастап Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін Түркістан облысының әкімі болған. Түркістанды басқару кезеңінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды.

Дархан Сатыбалдының Алматыны басқаруындағы басты міндеттерінің бірі – халықтың өмір сапасын арттыру және мегаполистің тұрақты дамуын қамтамасыз ету болмақ.

You Might Also Like

Новости

Реклама