Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Дүние жүзінің халықтары

Дүние жүзінде 300 жақын мемлекет бар. Бұл мемлекеттердің тілі, діні, халық саны, территориясы әр түрлі болады. Европа мемлекетінің  территорисы кіші, халық саны көп. Азия мемлекеттерінің территориясы үлкен, халық саны аз. Дүние жүзінде 7 миллиарддан асқан адам өмір сүреді. Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш, әлуметтік тұрақтылық экологиялық жағдай және  денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш тарихи  кезеңдерге үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Жер шары  халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәуелділігімен, жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Өндірістің жетілуі адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде  дүние жүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе ХХ ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы: 1930 жылы жер шары халқы 2 миллиард адам болса, қәзіргі уақытта 7 миллиардқа жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық  жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір, жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз  қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай  бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты  болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Бірақ басқа елдерде халық санының өсуіне себебі, басқа елдерден адамдардың көшіп  келуі. Халық саны бойынша көп мемлекеттер: Қытай халық саны бойынша бірінші орында, халық саны 1 млрд 308 миллион адам.

Екінші орында Үндістан, халық саны 1 миллиард 298 миллион адам. Үшінші орында АҚШ, халық саны 321 миллион адам. Жеке елдердегі  адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 25-30 жыл өмір сүрсе, ХХ ғасырдың орта шенінде дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 46 жасқа жетті. Қазақстан Республикасында адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 67 жасқа тең: әйелдерде-72, ер адамдар үшін 61 жасты құрайды. Дүние жүзінде жаңадан пайда болған мемлекеттер бар. Халық саны өсуіне әрекет жасап жатқан мемлекеттер бар. Оларға: Сауд Арабия, Қазақстан, Рессей, Өзбекістан тағы басқалар. Сауд Арабия ең дамыған мемлекеттерден бірі, бірақ халық санын көбейтүге әрекет қылып жатыр.

ОҚО, Түркістан қаласы
Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің
10 "А" сынып оқушысы: Хайдарханов Темурхан Галибжанұлы
Жетекшісі: Пахирдинов Алимжон Акимжанович


You Might Also Like

Новости

Реклама