Последнее обновление

(Время обновление 3 минуты назад)
"Екінші үйімде жүргендеймін" – ДДСҰ басшысы Жүрсін Ерманның құдаларымен бірге ән салды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Instagram парақшасында қазақ құдаларымен бірге қазақ тілінде ән айтқан сәтінен бейнежазба бөлісті. Бұл туралы Stan.kz сайтына сілтеме жасап, Alash.kz хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнежазбада ДДСҰ басшысы қазақ құдаларымен бірге ән шырқап отырғаны көрінеді. Жазба сипаттамасында ол жылы қабылдау мен әсерлі кеш үшін алғыс білдірген.

«Құдағи Ардақ пен құда Дәулетке ерекше кеш үшін ризашылығымды білдіремін. Уақытымыз өте көңілді әрі мазмұнды өтті. Бір шаңырақ астында күлкі, махаббат және жүректен шыққан әндер үндесті. Сондай-ақ маған үш тамаша немере сыйлағандарыңыз үшін алғыс айтамын – олар менің ең үлкен байлығым. Өзімді екінші үйімде жүргендей сезіндім. Отбасы – жүрек ән салатын мекен, бүгін менің жүрегім шаттыққа толы», – деп жазды ол.

Құдандалы қарым-қатынас

Белгілі болғандай, Тедрос Адханом Гебрейесус қазақ отбасымен құдандалы. Айтыскер ақын Жүрсін Ерманның немересі оның ұлына тұрмысқа шыққан. Бұған дейін де ДДСҰ басшысы Жүрсін Ерманды қазақ тілінде құттықтап, көпшіліктің назарын аударған еді.

Астанадағы жұмыс сапары

Қазіргі таңда ДДСҰ басшысы Астана қаласында жұмыс сапарымен жүр. Ол өңірлік экологиялық саммитке қатысуда. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, бірлескен жобалар талқыланды.

Новости

Реклама