Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Сотрудник полицияның әрекетіне наразы болған автоблогер ақталды

Шымкент қалалық әкімшілік соты автоблогер, заңгер Руслан Жанпеисовтің ісін тоқтатты. Бұл туралы OTYRAR сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

46 жастағы блогердің әрекетінде құқық бұзушылық белгілері жоқ деп танылды. Сондай-ақ, әкімшілік хаттаманы толтырған инспекторға қатысты жеке қаулы шығарылды.

«Райымбеков Байбарыс Кенжеғалиұлына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы 1-бөлігі бойынша қозғалған іс, құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан тоқтатылды», - деді судья Серік Ниязбеков.

Еске сала кетейік, Руслан Жанпеисовке қатысты полиция қызметкерлері 10 рапорт жазған. Сәуірдің 22-сі күні түнде ол Шымкенттегі Байдибек би даңғылында рейд жүргізіп жатқан Қызылорда облысының полицейлеріне жақындап, олардың әрекетін видеоға түсіріп, өз пікірін білдірген. Патрульдік қызметкерлер мұны құқық қорғау органдары өкілдеріне деген құрметсіздік деп санаған.

«Қызылордалық полицейлерге бір ғана сұрағым қалды. Олар аялдамада тұр. «Дендропарк» аялдамасында», - делінген видеодағы сөздер.

Сотта блогердің қалада рейд кезінде түсірген видеожазбасы ұсынылды. Кадрларда ол полиция қызметкерлеріне жақындап, заңсыз деп санаған әрекеттері туралы тікелей эфирде сұрақтар қояды. Алайда, хаттама толтырған инспектор бұл әрекеттердің полиция жұмысына кедергі келтіргенін айтты. Ашықтан-ашық құрметсіздік танытқанымен, мұны дәлелдей алмады.

Автоблогер ұсталған кезде жұмыс орнында болған. Оның қамауға алу туралы құжаттары тергеу изоляторына жеткізілгеннен кейін ресімделген. Байбарыс Райымбеков ешқандай заңды бұзбағанын, керісінше, полиция қызметкерлері оның құқықтарын шектегенін мәлімдеді.

Новости

Реклама