Последнее обновление

(Время обновление 2 недели назад)
Елімізде аптап ыстық күтіледі: кей өңірлерде ауа температурасы 46 градусқа дейін жетеді

Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгеріп, күннің аптап ыстығы тұрғындарды біраз әбігерге салуы мүмкін. «Қазгидромет» мамандарының болжауынша, Солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ түсуі ықтимал. Алайда бұл құбылыстар аптап ыстықпен қатар жүреді.

Орталық өңірлерде 17–18 маусымда күндізгі температура 35-39 градусқа дейін көтерілсе, облыстың оңтүстігінде 42 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде. Кейін, 19 маусымда күн сәл салқындап, 27-32 градус аралығында болады.

Шығыс аймақтарда күндізгі температура 35-39 градусқа дейін көтеріліп, 19 маусымда кейбір аудандарда 40 градус ыстық болады деп болжануда.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 18–19 маусым аралығында 42 градусқа дейін ыстық болады. Ал кейбір оңтүстік аудандарда күндіз 43–46 градусқа дейін ысиды. 20 маусымға қарай ыстық аздап басылып, 30–38 градусқа дейін төмендейді.

Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында далаға шықпауға, бас киім киюге, су ішу режимін қадағалауға және егде жастағы адамдар мен балалардың денсаулығына аса көңіл бөлуге кеңес береді.

You Might Also Like

Новости

Реклама