instagram.com/swissicehockeymen/instagram.com/leijonatfi
- 31 мая 2026 16:00
- 32
Хоккей финалы: Швейцария мен Финляндия алтын үшін таласады
Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында финалға шыққан командалар белгілі болды. Канада құрамасы жартылай финалда Финляндиядан күтпеген жерде жеңіліп қалса, Швейцария Норвегияны ойсырата ұтты. Енді бұл екі команда алтын жүлде үшін сынға түседі. Ал Канада мен Норвегия қола медаль үшін таласады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Швейцария – Норвегия
Алғашқы финалист Швейцария мен Норвегия кездесуінде анықталды. Турнирдің сенсацияларының бірі болған Норвегия құрамасы 0:6 есебімен жеңіліп, финалға шыға алмады.
Соңғы жылдары Швейцария құрамасы Еуропаның үздік командаларының қатарына қосылып, әлем чемпионатының финалына қатарынан үшінші рет шығып отыр.
Айта кетейік, Норвегия құрамасының тарихындағы ең үздік нәтижесі 1951 жылғы әлем чемпионатындағы төртінші орын болып қала бермек. Алайда, сол кезде турнир айналмалы жүйе бойынша өткен.
Канада – Финляндия
Екінші жартылай финалда Канада құрамасы Финляндиямен кездесті. Бірінші кезеңнен кейін канадалықтар 2:1 есебімен алда тұрғанымен, екінші жиырма минуттықта финдер қатарынан үш шайба соғып, 2:4 есебімен жеңіске жетті.
Финляндия құрамасы әлем чемпионатында соңғы рет 2022 жылы жеңген болатын. Одан кейін команда ширек финалдан аса алмады.
Канадалықтар 2023 жылы әлем біріншілігінің алтынын иеленген еді, алайда кейінгі екі маусымда медальсіз қалды.
ӘЧ финалы
Осылайша, Швейцария мен Финляндия алтын медальдарды сарапқа салады, ал Канада мен Норвегия қола үшін таласады.
Екі ойын да жексенбі, 31 мамырда өтеді. Үшінші орын үшін матч жергілікті уақыт бойынша 18:30-да, ал бірінші орын үшін кездесу 23:20-да басталады.
Матчтарды тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан, сондай-ақ оның сайтынан көруге болады.