Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Ұлытау жұртшылығы қазақ өнерінің аңыз тұлғасы Меруерт Өтекешоваға ерекше құрмет көрсетті

Қазақ киносының аңыз тұлғасы, "Қыз Жібек" фильмі арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленген Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға Ұлытау облысының жұртшылығы ерекше құрмет көрсетті. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңаарқа ауданында республикалық "Арқа аруы" байқауы өтті. Бұл мәдени шараны аудан депутаты Аманжол Әлтай марқұм жары Ақмарал Әлтайдың рухына арнап ұйымдастырды.

Іс-шараға Жаңаарқа өңірінің белді азаматтары, соның ішінде Қанат пен Света Айтбаевтар, тележүргізуші Динара Сәтжан қатысты. Байқаудың құрметті қонағы ретінде шақырылған Меруерт Өтекешоваға Ұлытау жұртшылығы қазақы дәстүр бойынша ат мінгізіп, ерекше ілтипат білдірді.

Бұл сый-құрмет көпшілік тарапынан жылы қабылданып, қазақ өнерінің көрнекті өкіліне көрсетілген лайықты баға ретінде бағаланды.

Новости

Реклама