Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Жабайы көшеттерді будандастыру арқылы жеміс ағашына айналдыру

Шымкент аграрлық колледжінің
КТК9-141 тобының студенті: Ермахан Несібелі
Жетекшісі: Тағаев Сапарбай Дуйсеханович

Ғылыми жұмыс нарықтық экономикалық талаптарға сәйкес жасалған. Ғылыми жұмыстың маңыздылығы жабайы көшеттерді будандастыру арқылы жеміс ағашына айналдырып табыс табу.

Қызмет түрінің сипаттамасы: жеміс-жидекті, декоротивті және т.б. көшет түрлерін өндіру, жаңа элиталы көшет түрлерін шығару және оларды нормативтік стандарттарға сай отырғызу қызмет жүзеге асырады.

Бұл жоба жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша тәжірибеден өткізілген. ЖШС-нің қазіргі таңдағы техникалық базасы, кадрлар мәселесі оң шешімін тауып жеміс-жидек, жүзім т.б. өнім түрлерінің бірнеше түрін шағын көлемде өндіреді. Біздің бизнес потенциалымыз бойынша жоспарланған мерзім ішнде, яғни 2017 жылы Қазығұрт ауданын әр түрлі жеміс көшеттерімен, сәнді бұталармен және көгалдандыру мақсатындағы гүлдермен 75% қамтамасыз етіп, 2018 жылдан бастап Қазығұрт ауданын жоғарыда көрсетілген көшеттермен 100% қамтамасыз ету, сонымен қатар Түлкібас ауданын 30%, Бәйдібек ауданынын 20%, Түркістан мен Кентау қалаларын 50% қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 2017 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысын толығымен көшетпен қамтамасыз етіп, жақын обылыстардың сұранысын қамту.

Өнімнің сипаттамасы ЖШС-ның шығаратын өнім түрлері:

- жемісті көшеттері (алма, алмұрт, беке және т.б.)

- жидек көшеттері (таңқурай,

- қарақат, құлпынай және т.б.)

- сәндік бұталары

- көгалдандыру мақсатындағы гүл

- көшеттерін өңдіреді

Бизнес-жоспар бойынша өндірілген көшет түрлерін сату көлемінің диаграммасы  (мың. дана).

Көрсетілген өндіріс орнын ашу үшін серіктестікке 15 000 000тг қаражат қажет. Ол қаражат өндіріс орнын көшет тұқымдары мен көшетті өңдіруге қажетті материалмен қамтамасыз етуге жұмсалады. Жобаның өзіне жұмсалған құнының өтелу уақыты 3 жыл.

Әлеуметтік аспектілер мен қоршаған ортаға ықпалы

Көзделіп отырған жобамызды жүзеге асыруға өлкеміздің климаты, орналасқан жері өте қолайлы (топырағы құнарлы, суы мол, экологиялық таза аймақ және т.б.), тұрғылықты халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, аймақтың жұмыссыздық көрсеткішін алдынғы жылдармен салыстырғанда төмендеуіне септігін тигізері анық. Жобаның жүзеге асырылуынан аймақта 15 адам тұрақты, 50 адам мерзімді (уақытша) жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Бұл кәсіпорынның сыртқы ортаға залалы жоқ, онда экологиялық таза өнім өндіріледі. Бұл жоба Оңтүстік Қазақстан облысын  көшет өнімдерімен қамтамасыз ете отырып, жеміс-жидектің, орман шаруашылығының көлемін артуына ықпал ететіні сөзсіз. Елбасымыздың Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы аясында ел әлеуетін көтеруді мақсат етеміз.

Әдебиеттер

1. Б.Қ.Жакенова,Менеджмент негіздері. Астана.:Фолиант,2007ж. 15-19 беттер.
2. С.Тойкин.Маркетинг негіздері. Астана:Фолиант,2008ж
3. Интернет мәліметтері

You Might Also Like

Новости

Реклама