Photo: MESSALA CIULLA (https://www.pexels.com/@messalaciulla) / Pexels
- 16 мар. 2026 17:30
- 25
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде атыс болып, қарауыл бастығы қаза тапты
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарудан оқ атылып, салдарынан қарауыл бастығы қаза тапты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.
Оқиға 15 наурыз күні кешке №21742 әскери бөлімінің аумағында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, сағат 19:35 шамасында үшінші қарауыл бекетінде ведомстволық күзеттің азаматтық қызметкері қаруын кездейсоқ атқан. Оқ қарауыл бастығына тиген.
Жараланған ер адам Гвардейский кентіндегі әскери госпитальға жеткізілді. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысқанымен, алған жарақаты ауыр болып, көз жұмды.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша
Қазіргі уақытта Қылмыстық істер жөніндегі арнайы тергеу департаменті азаматтық қызметкердің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның мән-жайы тергеу әрекеттерінің нәтижесінде анықталатын болады.
Тергеу барысында оқтың қалай атылғаны және қаруды пайдалану ережелері бұзылған-бұзылмағаны анықталады.