Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Ләйлә Сұлтанқызы: Қайрат Беркінбаевтің қазасынан кейін қайғымды көз жасыммен суға ағыздым

Танымал тележүргізуші әрі журналист Ләйлә Сұлтанқызы «Ғашықпын саған» мелодрамасынан алған әсерін бөлісіп, өзінің жүрекжарды жазбасын жариялады.

Threads әлеуметтік желісінде белсенділік танытып, оқырмандарымен жиі пікір алмасып жүретін Ләйлә Сұлтанқызы алдағы уақытта Астанада өтетін «Ғашықпын саған» фильмінің көрсетіліміне шақырып, оқырмандарын бірге көруге шақырған еді.

Фильмді тамашалағаннан кейін ол өз әсерімен бөлісті. Әсіресе, басты кейіпкердің ваннада отырып жылаған сәті оның есіне өзінің басынан өткен қиын кезеңдерді салды.

Қайрат Беркінбаевті еске алды

«Қайрекең қайтқаннан кейін дәл осылай ваннаға тығылып, ішімдегіні суға айтып жылайтынмын. Сол кездегі ойым – ұлдарым көз жасымды көрмесін деп, қайғы-мұңымды көз жасым арқылы суға ағызып жіберсем, жеңілдеп қаламын деп ойлайтынмын», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, режиссер Думан Еркімбек пен продюсер Жалын Тілеубергеннің «Ғашықпын саған» фильмі 5 ақпаннан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастады. Фильмнің сюжеті бойынша, студент қыз отбасы үшін жұмыс іздеп жүріп, оқудан шығарылады. Сол түнде ол музыкант болуды армандаған Арман есімді жігітпен танысып, арада махаббат пайда болады. Алайда, өмірдің сынақтары мен маңызды таңдаулар екі жасты қиын шешімдерге итермелейді.

Новости

Реклама