Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Мәжілісмен Шайдоровтың жалақысы кешіккені туралы: Тәртіп орнатып, кінәлілерді жазалау керек

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың бірнеше ай бойы жалақы алмағаны туралы мәселе көтерілді. Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, тәртіп орнатып, кінәлілерді жазалау қажеттігін айтты.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Шынымды айтсам, кез келген спорттық жетістік – бұл ең алдымен мемлекеттің имиджі. Еліміздің спортты қалай қолдайтынына, спортшыларымыздың қандай деңгейде өнер көрсететініне қарап, мемлекеттің қаншалықты дамығанын, халықаралық имиджін қалыптастыруға дайын екенін бағалауға болады. Әсіресе, бұл мәселе Олимпиада ойындарына қатысты болғанда, спортшыларды даярлауға қанша қаражат бөлінетіні туралы бұған дейін де көптеген материалдар жарық көрген. Менің ойымша, бұл салада белгілі бір тәртіп орнату қажет», - деді Рахымжанов мәжіліс кулуарында.

Спортшыларға бөлінетін қаражаттың ашықтығы

Депутаттың айтуынша, спортшыларды даярлауға, Олимпиада резервін қалыптастыруға бөлінетін қаражаттың ашықтығы мен есептілігі жоғары болуы тиіс.

«Егер спортшы жалақысынан айырылып немесе қандай да бір қысқартуларға ұшырап жатқанын айтса, оның себепсіз айтылмайтыны анық. Өйткені, біз түсінгендей, спортшылар – намысшыл жандар. Олар ешқандай дәлелі жоқ, жайдан-жай жаман сөз айтпайды. Сондықтан бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыру керек деп есептеймін. Әрине, кінәлілерді жазалау қажет. Спортшыларды даярлауда немесе қандай да бір спорт клубын, футбол клубын қаржыландыруда елде сыбайлас жемқорлықтың бар екені ешкімге жаңалық емес. Сондықтан бұл мәселе мемлекет басшылығының ерекше бақылауында болуы тиіс», - деп атап өтті Рахымжанов.

Новости

Реклама