Последнее обновление

(Время обновление 14 минут назад)
Mango негізін қалаған Исак Андиктің ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Испанияның Каталония полициясы танымал Mango сән империясының негізін қалаған Исак Андиктің ұлы, 45 жастағы Джонатан Андикті әкесін өлтірді деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы Еуропадағы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі хабарлады.

Mango компаниясының директорлар кеңесінің вице-президенті Джонатан Андик кеше таңертең Барселонадағы үйінде ұсталып, дереу тергеу сотына жеткізілді.

Әкесінің өлімі: Бастапқыда жазатайым оқиға болған

Mango брендінің негізін қалаған Исак Андик 2024 жылдың 14 желтоқсанында 71 жасында қайтыс болды. Ол Монтсеррат тауларында жаяу серуендеп жүргенде шамамен 100 метр биіктіктен құлап кеткені айтылады. Сол кезде ұлы Джонатан Андик жалғыз куәгер болған.

Бастапқыда бұл оқиға жазатайым жазатайым оқиға ретінде тіркеліп, 2025 жылдың басында іс жабылып қалған. Алайда, 2025 жылдың қазан айында Джонатанның көрсетпелеріндегі сәйкессіздіктер анықталған соң, тергеу қайта басталды. Полиция Джонатанның ұялы телефонын тәркініп, басқа да дәлелдерді зерттеді.

Джонатан Андик кінәсін жоққа шығаруда

Дегенмен, Джонатан Андик әкесінің өліміне қатысы бар екенін әрқашан жоққа шығарып, бұл трагедиялық жазатайым оқиға болғанын айтып келді. Андиктер отбасы да ұлдарының кінәсіз екенін мәлімдеп, тергеуге ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Mango – әлемге танымал бренд

Түркияда туған Исак Андик 1984 жылы Каталонияда Mango компаниясын құрды. Бүгінде бұл желі әлем бойынша шамамен 2900 дүкенге ие. 2024 жылғы қаржы жылының қорытындысы бойынша сатылым 3,3 миллиард еуродан асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Forbes нұсқасы бойынша, Исак Андик Испанияның ең бай бес адамының қатарына кірген.

Новости

Реклама