dalanews.kz
- 30 мая 2026 21:31
- 36
Назым Қаһарман Бишімбаевтың «көңілдестері» туралы кітап жазатынын мәлімдеді
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Қаһарман алдағы уақытта өмірбаяндық кітабын жарыққа шығармақ.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кітаптың мазмұны
Назым Қаһарманның айтуынша, кітап қазір баспаның қарауында және оны биыл күзде таныстыру жоспарланған. Туынды автофикшн жанрында жазылған, яғни нақты өмірде болған оқиғаларға негізделгенімен, көркем әдебиет тәсілдері де қолданылған.
Автор кітабында бұрынғы жұбайының жеке өміріне қатысты кейбір жайттарды, соның ішінде Бишімбаевтың көңіл жарастырған әйелдері туралы да қозғайтынын жеткізді. Алайда, олардың тек есімдері ғана аталып, жеке деректері жарияланбайды.
Дәлелдер мен ұстаным
Назым Қаһарман кітаптағы мәліметтерге байланысты қандай да бір талап-арыз туындаса, өз ұстанымын дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қолында бұрынғы күйеуіне қатысты хат-хабарлар мен басқа да дәлелдер сақталған.