Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 14 февр. 2026 18:01
- 23
Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп, жұртты елең еткізді
Танымал әзілкеш, актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаевтың әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы көпшілікті елең еткізді. Ол ауруханада жатқан суретін жариялап, жұртты алаңдатты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауруханадағы жағдай
Суретте Нұрлан Қоянбаев ақ жайма жамылып, төсек тұтқасынан ұстап отырған қалпында көрінеді. Оның сторисде «Жолда абай болыңыздар» деген жазба қалдыруы, желі қолданушылары арасында актер жол апатына ұшырады деген болжамдарға себеп болды.
Ресми ақпарат жоқ
Әзірге актердің не себепті ауруханаға түскені туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Алайда, бұл жазба көпшіліктің қызу талқылауына айналды.
Нұрлан Қоянбаев кім?
Нұрлан Қоянбаев – Қазақстанда танымал актер, продюсер және тележүргізуші. Оның Instagram парақшасында 2 миллионға жуық жазылушысы бар. Соңғы жылдары ол әлеуметтік желіде белсенді инфлюенсерлердің бірі ретінде де танылып жүр.