Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
Олимпиада-2026: Софья Самоделкина елдік есепте жаңа рекорд орнатты

XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыс мәресіне жетті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшымыз Софья Самоделкина өзінің жеке мансабындағы ең жоғары ұпайды жинап, 10-орыннан көрінді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өз рекордын жаңартты

Миландағы мұз айдынына он үшінші болып шыққан Софья Самоделкина өз бағдарламасын мінсіз орындап, 138.99 ұпайға қол жеткізді. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша, отандасымыз 207.46 ұпаймен өзінің мансабындағы ең үздік көрсеткішін тіркеді. Бұған дейінгі рекордтық ұпайын спортшы 2021 жылы 205.67 ұпаймен алған болатын.

Жүлдегерлер

Алтын медальді АҚШ-тың өкілі Алиса Лю (226.79 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде Жапония спортшысы Каори Сакамотоға (224.90 ұпай) бұйырса, қола медальді жапондық Ами Накаи (219.16 ұпай) иеленді.

Қазақстандық спортшылар арасында қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында тек 2018 жылы Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова ғана бақ сынаған еді.

Новости

Реклама