Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ойдан шыққан әңгіме ...

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы
Нұрлыкент ауылы
№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектептің
 4 "ә" сынып оқушысы Серік Назерке Қайратқызы

 

Демалыс күні болатын - Кәне тұрыңдар, айналайындар, тауға барамыз - деп әкем бізді ерте оятты. Бізбен жағаласа тұрған кішкентай Балжан да тауға барамыз, - деп қуанып жүр. Машинаға отырып, жүріп кеттік. Ауылдан ұзай шыққан соң ақ басты Алатаудың етегіне іліктік. Табиғат қандай әсем. Айнала ұшы-қиырсыз кең, ойы да, қыры да, тау да, тіпті жол бойын қуалай өскен шыршалар да, жап-жасыл. Аспан ғана көкпеңбек. Өзі шайдай ашық. Таңғы таза салқын ауа дене тоңазытады. Кенет алдымызда аттылы адам пайда болды. Қолында құрық, иығында асынған дүрбісі бар. Жақындағанда таныдым. Тұрар ата екен. Ол - жылқышы. Біз тоқтадық. Бәріміз амандастық.

- Бүгін түнде жылқыға қасқыр шапты - деді ата. Бірақ шығын жоқ. Арландарды қуып тастадық. Алайда бір бие табылмады. Осы ылдиға түсіп кеткен болды, үркіп.

- Мал бар жерде ондай болады. Абыржымаңыз, бие табылар. Қазір машинамен барамыз - деп әкем атаны таудағы үйге алып келді.

Сен бүгін түске дейін малға еге бол деп көкемді жылқыда қалдырды. Көкем киініп, атқа мініп, қолына құрық ұстағанда жылқышы атадан аумай қалды. Біз ауланы сыпырып, тазалап, мамама көмектестік. Түсте көкеме тамақ апардық. Көкем атынан түскен жоқ. Келбетінен түндегі қасқыр кеп қала ма - деген қорқынышты оқығандай болдым. Бірақ әкем келіп:

- О, бәрекелді. Азамат болды деген осы. Енді сен менің көмекшімсің. Малды әбден тойдырыпсың - дегенде ол бір көтеріліп қалды.    


You Might Also Like

Новости

Реклама