Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 144 МЛН ТЕҢГЕ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЖЫМҚЫРЫЛДЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 144 МЛН ТЕҢГЕ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЖЫМҚЫРЫЛДЫ

Павлодар облысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында қоныс аударушыларға бөлінген 144 млн теңге бюджет қаражаты талан-таражға түскені анықталды. Бұл іске «Успен ауданы карьерлік орталығы» филиалының қызметкерлері қатысқан.

Тергеу деректеріне сүйенсек, мемлекеттік бағдарлама бойынша қоныс аударушыларға тұрғын үй сатып алу үшін оның құнының жартысы көлемінде өтемақы төленуі тиіс болған. Бұл сома 4 млн теңгеден аспауы керек. Алайда айыпталушылар үй иелеріне төмен бағада (4 млн тг) үй сатып алуды талап етіп, ал құжат жүзінде жоғары бағаны (8 млн тг) көрсеткен. Екі бағаның айырмасына тең қаражат филиал қызметкерлерінің қалтасына түскен.

Алаяқтық схеманың нәтижесінде мемлекетке 144 миллион теңге көлемінде залал келгені анықталды.

Сот үкімімен екі адам кінәлі деп танылып, біреуі 5 жылға бас бостандығынан айырылды, екіншісінің 3 жылға бас бостандығы шектелді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

You Might Also Like

Новости

Реклама