Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Ресей ЕАЭО елдеріне көліктің алдыңғы әйнектерін қараңғылатуға рұқсат беруді ұсынып отыр

Ресей ЕАЭО елдеріне көліктің алдыңғы әйнектерін қараңғылатуға рұқсат беруді ұсынып отыр,-деп хабарлайды Инфохаб.кз Ұшқынға сілтеп.

Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне көліктің алдыңғы терезелерін күңгірттеуге рұқсат беру мәселесін қарастыруды ұсынды. Бұл туралы Мемлекеттік дума депутаты, еңбек және әлеуметтік саясат комитетінің төрағасы Ярослав Нилов ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған хатында айтылған.

Депутаттың айтуынша, ЕАЭО аумағындағы жаз мезгіліндегі ыстық ауа райы — жүргізушілер үшін айтарлықтай қолайсыздық туғызатын факторлардың бірі. Күн сәулесінің тікелей түсуі салонда температураны күрт жоғарылатып, жүргізушінің назарын алаңдатып, жол қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Нилов қазіргі жағдайда алдыңғы терезелерді толықтай қараңғылатуға емес, ең болмағанда жарықты ішінара сүзгілейтін қорғаныш жапсырмаларды заңдастыруды ұсынып отыр. Ол бұл бастама жүргізушілердің жайлылығы мен қозғалыс қауіпсіздігін арттырады деп есептейді.

Айта кетейік, Қазақстанда көліктің алдыңғы әйнектерін қараңғылау заңмен шектелген. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, бұл талапты бұзғандарға айыппұл салынады және көлік заңсыз жабдықталған деп есептеледі.

ЕЭК бұл ұсынысқа қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

You Might Also Like

Новости

Реклама