
Ақорда
- 01 мая 2025 11:39
- 19
Бердалы Ораз Ғабитұлы
Президент Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Президент Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады,деп жазады Infohub.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай еліміздің барлық азаматтарын құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
Президент бұл мейрамның еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, Қазақстанда түрлі этностардың өзара татулық пен келісімде өмір сүріп жатқанын айтты. Қоғамдағы ынтымақ пен бірлік – Тәуелсіз Қазақстанның басты тірегі екенін жеткізді.
– Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл бірегей институт ел ішіндегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Халқымыздың ауызбіршілігі мен өзара қолдауының арқасында мемлекетіміз дәйекті даму жолымен алға басып келеді. Біз теңдік, сенім және мәдени әртүрлілікті құрметтеу арқылы ел бірлігін одан әрі бекемдей түсеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент өз үндеуінде ел азаматтарын әділетті және қуатты Қазақстанды бірге құруға шақырып, әр отбасыға амандық пен береке тіледі.
– Егер жұрт болып біріге білсек, кез келген қиындықты жеңіп, үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз. Бірлігіміз бекем, аспанымыз ашық болсын! – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.