Последнее обновление

(Время обновление 2 дня назад)
Путин қандай жағдайда Зеленскиймен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

 

Ресей президенті Владимир Путин Украина тарапынан ұсынылған Владимир Зеленский және Дональд Трамппен жеке кездесу бастамасын қолдады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Песковтың сөзінше, мұндай жоғары деңгейдегі кездесулер тек нақты дипломатиялық нәтижелерге қол жеткізілгеннен кейін ғана мүмкін болады.

"Президент Путин бірнеше мәрте жоғары деңгейдегі келіссөздерге қарсы емес екенін айтқан. Әрине, ондай кездесулер қажет және өзектілігі бар. Алайда олар алдын ала мұқият дайындалуы тиіс. Алдымен Ресей мен Украина делегациялары арасындағы тікелей келіссөздер нақты нәтижеге жеткізуі керек. Тек содан кейін ғана жоғары деңгейде кездесу өткізу мәселесі қарастырылады", – деді Песков.

You Might Also Like

Новости

Реклама