
- 15 мая 2025 10:10
- 23
Путин Ыстамбұл келіссөздеріне қатыспайды: Ресей атынан Мединский барады
Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы бейбіт реттеу жөніндегі Ыстамбұл келіссөздеріне қатыспайтын болды. Кремль жариялаған ресми мәліметке сәйкес, Путин делегация құрамынан өз аты-жөнін алып тастаған.
Ресей делегациясына президент көмекшісі Владимир Мединский жетекшілік етеді. Делегация құрамында министрлік деңгейіндегі шенеуніктер жоқ – Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Қорғаныс министрі Андрей Белоусов қатыспайды. Олардың орнына келіссөздерге Лавровтың орынбасары Михаил Галузин, Белоусовтың орынбасары Александр Фомин және Қарулы күштердің Бас штабының бас басқарма бастығы Игорь Костюков барады.
Сол күні Sky News телеарнасы АҚШ атынан Дональд Трамп та келіссөздерге қатыспайтынын хабарлады.