Photo: Bia Limova (https://www.pexels.com/@bia-limova-1908542654) / Pexels
- 24 апр. 2026 10:00
- 28
"Қайта енгізіледі": Ұстаздар асыға күткен жаңалық
Мектеп бағдарламасына диктант, мазмұндама және шығарма сияқты дәстүрлі жазба жұмыстары қайта оралады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл шаралар оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіріп, логикалық ойлауын дамытуға септігін тигізеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа оқу жылынан бастап
Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде құқықтық білім беруге ерекше көңіл бөлінеді. «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында оқушылардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру көзделген.
Жаңартылған жоспар бойынша, 5-7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8-9 сыныптарда «Заң және тәртіп» пәндері оқытылады. Ал жоғары сыныптарда «Құқық негіздері» пәні тереңдетіліп, заңнамаларды талдауға баса назар аударылады.
Білім сапасы мен тәрбие
Министр «Келешек мектебі» жобасының маңыздылығын атап өтіп, білім беру ұйымдарында тәртіп пен тазалықты сақтаудың, мұғалімдердің жұмысын жаңғыртудың қажеттігін айтты. Мектептің тек білім беретін орын ғана емес, ұлт болашағын қалыптастыратын тәрбие ортасы екеніне тоқталды.
Соңғы төрт жылда білім сапасы 55,5 пайызға өскен. 2025-2026 оқу жылында 300-ден астам оқушы республикалық байқауларда, 27 оқушы халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанды.