Последнее обновление

(Время обновление 5 минут назад)
"Қатты өзгерген, түк жараспайды": Ләйлә Сұлтанқызының жаңа бейнесі жұртты таң қалдырды

Белгілі тележүргізуші әрі блогер Ләйлә Сұлтанқызы адам танымастай өзгеріп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Оның жаңа бейнесін көрген көпшілік таңданысын жасыра алмады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа образдың сыры

Ләйлә Сұлтанқызы өзінің парақшасына жаңа образдағы суреттерін жариялап, оқырмандарына ерекше жазба арнады. Ол өзгерісінің сыры «аскеза» тәсілінде екенін айтты. Бұл – өз-өзіңмен келісім жасап, белгілі бір уақытқа нақты шектеу қою арқылы мақсатқа жетудің жолы.

«Мен неге осындаймын? Бұл пост – ерік-жігері әлсіздерге арналған. Шынымды айтсам, бұл тәсіл өзін жеңу қиын адамдарға жақсы көмектеседі. Мысалы, мен біраз уақыттан бері тәтті жемеймін, кола ішпеймін, жаяу жүремін, жаман ойды жақсыға айналдырамын, уақытында ұйықтаймын. Мұны жай ЗОЖ ретінде емес, арманға негіздеп қойдым: 10 күн, 2 апта не 1 ай. Өзіммен келісімшартқа отырғандай…» – деп жазды ол.

«Стоп» тетігі

Тележүргізуші санасына «бұзсам, ниетім орындалмайды» деген ойды орнатқанын айтады. Оның сөзінше, бұл тәсіл «тоқтау» тетігі секілді әсер етеді.

«Нәтиже? Салмақ кетті, бет тазарды. Ұйқым дұрысталды. Ең бастысы, өзіме деген сенім пайда болды. Байқап көріңіздер. Ал сізде қандай «аскеза» болды? Айтпақшы, темекі тартатын таныс жігіт те осылайша тастап кетті», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары блогердің өзгерісін жоғары бағалап, ерік-жігер мен өзін-өзі дамыту тақырыбындағы жазбасына белсенді түрде пікір қалдыруда.

Новости

Реклама