Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
«Қазақ емес, малғұн!»: Журналист Шахановқа тіл тигізген Серікжан Біләшке қарсы шықты

Қоғам белсендісі Серікжан Біләштің халық жазушысы Мұхтар Шахановқа қатысты айтқан ауыр сөздері жұртшылықтың ашуын тудырды. Біләштің TikTok желісіндегі видеода Мұхтар Шахановты «арсыз» деп атап, оның жаны жәннатта болмауын тілегені көпшіліктің наразылығын күшейтті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Біләштің Шахановқа шабуылы

Серікжан Біләштің айтуынша, Мұхтар Шаханов 2019 жылы оның үстінен арыз жазып, сотқа сүйрелеген. Сол үшін Біләш оны «о дүниеде алжып, білмегенсігені үшін періштелер жазалайтынын» айтып, тіл тигізген. Ол Шахановтың өлеңдерін жоғары бағалағанымен, іс-әрекетін «арсыздық» деп атап, «өлсе, енді көрінде өкірсін» деген сөздерді айтқан.

Блогердің жауабы

Белгілі блогер Абзал Ибрашев Серікжан Біләштің бұл әрекетіне қатты ашуланып, оның елімізге кіргізбеу керектігін талап етті. Ибрашевтің айтуынша, Қытайда туып-өскен Біләштің бұрын да қандастарымызды түрмеге жаптырған тарихы бар. Блогер Серікжанды «еркек емес ез» деп атап, қазақтың 1000 жылда бір туатын тұлғаларын қорлаған адамды елге кіргізбеу керектігін айтты.

«Мұхтар Шахановтың қазақ үшін жасағанының сен бір пайызын да жасаған жоқсың. Сенің жеткен жерің осы деп ойлаймын», - деді Абзал Ибрашев.

Новости

Реклама