Последнее обновление

(Время обновление 1 час назад)
«Қазақ тілі – кедейлердің тілі»: Депутаттың сөзі жұртшылықтың ашуын тудырды

Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның әлеуметтік желідегі ескі жазбасы жұртшылықтың қызу талқысына айналды. Онда депутат қазақ тілін «кедейлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі» деп атап, «Кіжін сіңір! Ашулан кедей» деп жазған.

Бұл пікір әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырып, олар Бас прокуратураға арыз түсіруге дейін барды. Желідегі пікірлердің көбісі депутаттың өз ана тілін құрметтемегенін, оның қызметіне сын көзбен қарайтынын білдірді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алайда, депутат nege.kz порталына берген сұхбатында бұл жазбаны 2019-2020 жылдары ашуға беріліп, сарказммен жазғанын айтты. Оның сөзінше, бұл – күйініш пен ашудан туындаған пікір болған және оны кейіннен әртүрлі мақсатта бұрмалап қолданған.

«Жылда шығады осы скрин», – деп келтіреді депутат сөзін.

Қазіргі таңда Самат Нұртаза заңгермен кеңесіп, өзін қаралап жатқандарға қарсы шаралар қабылдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желідегі парақшасында ресми мәлімдеме жариялайтынын хабарлады.

Новости

Реклама