Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова
- 24 мар. 2026 18:30
- 24
Қазақстан мен Намибия: Оңтүстік Африка құрамасы туралы не білеміз?
Ертең, 25 наурызда Астанада өтетін FIFA Series турнирінде Қазақстан құрамасы Намибиямен алғашқы кездесуін өткізеді. Оңтүстік Африкадан келген қарсылас команда туралы не білуіміз керек?
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Намибия құрамасының рейтингі мен тарихы
Намибия құрамасы ФИФА рейтингінде 118-орында тұр. Олар Африка Ұлттар Кубогының финалдық кезеңіне төрт рет қатысқан: 1998, 2008, 2019 және 2023 жылдары. Әсіресе, 2023 жылы команда турнирдің 1/8 финалына дейін жетіп, үздік нәтиже көрсетті.
Команда құны және ойыншылары
Transfermarkt мәліметі бойынша, Намибия құрамасының жалпы құны 4,25 миллион еуроға бағаланады. Құрамдағы 23 ойыншының үшеуінің трансферлік құны жоқ.
Ең қымбат ойыншылар қатарына қорғаушы Риаан Ханамуб, жартылай қорғаушы Апросиус Петрус және шабуылшы Питер Шалулиле кіреді.
Риаан Ханамуб
31 жастағы сол қанаттағы қорғаушы Оңтүстік Африка премьер-лигасында өнер көрсететін «Амазулу» клубының ойыншысы. Оның құны 850 мың еуро.
Апросиус Петрус
Орталық жартылай қорғаушы Суданның «Аль-Хиляль» клубында ойнайды. Бағасы – 500 мың еуро.
Питер Шалулиле
32 жастағы шабуылшы Оңтүстік Африканың «Мамелоди Сандаунз» клубында өнер көрсетеді. Ол Намибия құрамасының ең қымбат ойыншысы, құны 1,2 миллион еуро. Сондай-ақ, ол 19 голымен құрама тарихындағы үздік бомбардир болып саналады.
Матч туралы
Қазақстан мен Намибия арасындағы кездесу ертең, 25 наурызда сағат 17:00-де «Астана Аренада» өтеді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының Армениямен де жолдастық кездесу өткізетіні хабарланған болатын. Ал «Қайрат» ойыншысы Дастан Сатпаев наурыз айындағы FIFA Series ойындарын өткізіп алады.