Последнее обновление

(Время обновление 4 минуты назад)
"Қорғай алмасаңыздар, біз көмектесеміз": Иран АҚШ-қа сес көрсетті

Иранның Орталық полиция басқармасының басшысы Ахмад-Реза Радан Еуроодаққа Гренландияны қорғауға көмек ұсынды. Оның айтуынша, егер Еуроодақ аралды қорғай алмаса, Иран бұл іске араласуға дайын.

Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны АҚШ құрамына қосу ниетін білдіргенінен кейін айтылды. Трамп тіпті аралды күшпен алу мүмкіндігін де жоққа шығармаған болатын.

Ахмад-Реза Раданның сөзінше, «Егер Гренландияны қорғай алмасаңыздар – бізді шақырыңыздар, біз көмектесеміз».

АҚШ президенті Гренландияның ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды екенін айтып, арал маңында Қытай мен Ресейдің суасты қайықтарының бар екенін алға тартқан. Бұған жауап ретінде Дания билігі аралдағы ұшу-қону жолақтарын жою жоспарын қарастырды. Сондай-ақ, Франция мен Германия сияқты бірқатар еуропалық елдердің әскери күштері аралды қорғауға жіберілді.

Копенгагенде жағдайдың ушығу қаупі АҚШ-тың Венесуэла басшысы Николас Мадуроны қаңтар айында қолға түсіруінен кейін күшейген еді. Алайда, кейін Трамп Гренландияны бейбіт жолмен қосу ниеті барын мәлімдеген соң, жағдай біршама тұрақталған.

Новости

Реклама