Последнее обновление

(Время обновление 2 минуты назад)
Қазақстанда 20 000 теңгелік жаңа банкнот айналымға шығады

2027 жылы Қазақстанда жаңа 20 000 теңгелік банкнот айналымға шығады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа банкноттың дизайны дайын, бірақ оны өндіру және банк инфрақұрылымын дайындау процесі уақытты талап етеді. Ескі үлгідегі банкноттар жаңа купюралармен қатар жүретін болады.

Тимур Сүлейменов сондай-ақ, банкноттарды жаңартумен қатар, монеталарды да өзгерту жоспары бар-жоғы туралы сұраққа жауап берді. Қазіргі таңда монеталарға қатысты ешқандай шешім қабылданбағанын атап өтті.

Бұған дейін Ұлттық банк 20 000 теңгелік жаңа купюраны 2026 жылдың соңында шығаруы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкноттардың айналым мерзімі бір жылға ұзартылды.

Новости

Реклама