Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері жарияланды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері жарияланды

2024 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 237,2 миллиард теңге көлемінде зейнетақы төленген. Бұл соманың ішінде базалық зейнетақыға – 389,2 миллиард теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 848 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы Infohub.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

"2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 399 теңгені құраған, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 729 теңге, базалық зейнетақы – 42 670 теңге", - делінген хабарламада.

Министрліктің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 372 мың адамды құрайды.

You Might Also Like

Новости

Реклама