Последнее обновление

(Время обновление 4 минуты назад)
Қазақстандықтардың өзі смогқа себепкер: Зауыттар кінәлі емес екені анықталды

Қазақстанның 11 қаласында 2025 жылы ауа сапасының нашарлауы тіркелді. Экология министрлігінің хабарлауынша, бұл жағдайға зауыттар емес, автокөліктер, жеке сектор және шағын бизнес себеп болып отыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматыдағы жағдай

«Қазгидрометтің» мәліметінше, ең күрделі ахуал Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Ақтөбе қалаларында байқалған. Мысалы, Алматыдағы ластанудың 60%-ы көліктерден, ал 12%-ы жеке үйлер мен шағын қазандықтардан шығады.

«Ластанудың айтарлықтай үлесі шағын көздерге – автокөліктерге, жеке секторға және шағын бизнес нысандарына тиесілі», – деп хабарлады ведомство.

Жаңа экологиялық шаралар

Министрлік әкімдіктерге Бейжіңнің тәжірибесін ескере отырып, 2026–2028 жылдарға арналған жаңа экологиялық шараларды пысықтауды тапсырды. Жоспарда жеке секторды газдандыру, қазандықтар мен кафелерде қатты отын қолдануға тыйым салу, көлікті электр энергиясы мен газға көшіру, өнеркәсіп аймақтарының айналасына жасыл белдеулер құру және қалаларды экологиялық аймақтарға бөлу қарастырылған.

Бұған дейінгі жағдайлар

Бұған дейін Өскемен қаласын улы тұман басып, халықтың денсаулығына зиян келтіргені туралы хабарланған болатын. Ақпан айының басында күкіртсутек, күкірт диоксиді және көміртегі тотығы бойынша нормадан асулар тіркелді. Адамдар көшеге медициналық маскалармен, тіпті газтұтқыштармен шықты.

Алматыдағы жағдай да мәз емес. «Almaty Air Initiative» экологиялық қорының хабарлауынша, Алматыда бір жыл өмір сүру денсаулыққа зияндылығы бойынша бір жылда 518 темекі шеккенмен тең (кейбір аудандарда тіпті 700–800 темекіге дейін).

Новости

Реклама