Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 19 мар. 2026 04:30
- 25
Қазақстандықтардың қандай айыппұлдары кешірілуі мүмкін?
Қазақстанда төленбей қалған айыппұлдарға рақымшылық жасау мүмкіндігі туып отыр. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, бұл бастама әкімшілік құқық бұзушылықтарға, соның ішінде жол ережесін бұзу және қоғамдық тәртіпке қатысты ұсақ бұзушылықтарға да қатысты болуы мүмкін.
Бұл – әкімшілік істерге рақымшылық жасаудың алғашқы қадамы болмақ. Қазіргі таңда қандай айыппұлдардың кешірілетіні және бұл шараның кімдерге қатысты болатыны Үкімет деңгейінде талқыланып жатыр.