Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Қош келдің, Жаңа Жыл!
«Қош келдің, Жаңа Жыл!»
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой, қараңдаршы мына жерден нені көріп тұрсыңдар?
Ендеше біз осы жерде Жаңа жыл мерекесін тойлайық. Құрметті ата - аналар, қонақтар, «Балауса» балабақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.
Ой балалар, мында кім жүр?
Бауырсақ: Балалар, аяз - ата балаларға апара жатқан сыйлықтар салынған қоржынды жоғалтып алыпты, сендер көрген жоқсыңдар ма? Мен басқа жерлерден іздеп келейін.
Қоян:
Мен қоянмын қорқақтау,
Кішкене тілім шорқақтау.
Балалар, сендер Бауырсақты көрдіңдер ме?
Жүргізуші: Ой, қоян, сен бауырсақты іздеп жүргенше, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы ал. Біздің балалар жақсы өнерлерін көрсетеді.
Қоян:
Әнді сүйіп тыңдаймын
Бірге айтсақ шыңдаймын.
Хор: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Мынау кім екен?
Қасқыр: Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыл, ең мықты, ең шапшаң, ол мен - қасқыр.
Жүргізуші: А...... солай ма? Осында қалай келіп қалдың?
Қасқыр: Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріңе әдейілеп келдім. Ал сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?
Жүргізуші: Ал сен оны қайтейін деп едің?
Қасқыр: Жай, менің қарным ашты, ой айтып қойдым ғой.
Жүргізуші: Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың.
Қасқыр: Мен бәрібір оны жеймін.
Жүргізуші: Сен оданда бізбен бірге Жаңа жылды тойла. Балалар, сендер қасқырға тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Нұртас: Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.

Нұрдәулет: Шеберін ай аяздың,
Әйнектерді қағаз ғып.
Әшекейлеп қойыпты,
Бірнеше ою ойыпты.
Суреттерді әр үйге,
Әйнектерді әрине.
Түнде салып береді.

Арайлым: Шырша дейміз елканы,
Балалар билеп қоршады.
Түрлі түсті ойыншық,
Шыршада көз тартады.

Айбар: Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз

Дәулет: Ақ құрауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына

С. Данияр: Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақтан киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты

Жадыра: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды

Ильяс: Ақшақардай сақалы
Көрдік Аяз атаны
Безендірдік шыршаны
Шыршамыздың мың шамы
Би де үйрендік көрсін деп
Бізге риза болсын деп

Айару: Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңалық ізде сен
Жаңа ән, жаңа жыр
Жазып бер бізге сен

Досым: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата - әже, ана - әке
Құтты болсын жаңа жыл!
Жаңа жылым мол болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Аю: Балалар қыста жейтін азығым таусылып қалды. Сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма? Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар?
Жүргізуші: Ооооооой аю, қараңызшы біздің балалар әп - әдемі киініп алған, себебі олар Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Келіңіз, төрлетіңіз.
Балалардың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіз.

Би: «Өзбек биі»
Түлкі: Маған жетер ешкім жоқ,
Мен сұлумын орманда.
(Бауырсақты іздеп жүргенін айтады)
Қанеки бірге таласа,
Менімен де, балалар,
Ойнасын ойын тамаша.
Ойын:
Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге кімдер жетіспейді. Қанекей бәріміз бірге дауыспен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
1, 2, 3 Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!!!
Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым,
Балаларым балғыным.
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың,
Ақшақар:
Шыршаның шамын жағып алайық, қанекей бірге.....
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»
Аяз ата: Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс - алыс жолдардан келемін. Балалар мен сендерге әкеле жатқан сыйлығымды жоғалтып алдым.
Жүргізуші: Аяз ата, сіз қам жемеңіз, біздің балалар бар, жиналған аңдар бар, сізге көмектеседі. Мен өзіммен бірге жаңа жылды алып келдім.
Ескі жыл:

Жаңа жыл: Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылымыз ортамызға аман - есен келді. Ендеше Жаңа жылымызға ән орындап берейік.

Ән: «Жаңа жыл».
Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді.
Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. Мен жаңа келе жатсам, мына қоржынды тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? Өлең айтың, би билеңдер, тақпақтар айтың сосын аласыңдар.

Би: «Ха — фа --- на --- на»
(Қоржынды ашады, ішінен сайқымазақ шығады)

Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап,
Қызық күлкі тыңдаңдар!
(Амандасады ) мен Жаңа жылды тойлауға келе жатып, адасып қалдым, тоңып қоржынға кіріп жылынып отыр едім, Мыстан әже маған көмектесті ғой. Қанекей олай болса, барлығымыз менің қуанышыма би билеп жіберейік.

Би: «Санта клаустар»
(Бауырсақ Аяз атаның қоржынын тауып келеді.)
Аяз ата: Балақандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашан езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын!
Ата – аналарыңмен ата - әжелеріңнің қызығына ғана өсе беріңдер! Бізді басқа да балалар күтіп отыр, енді кетуіміз керек. Сендерге арналған сыйлықтарды қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рақмет! Жаңа – жыл сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық алып келсін!

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы
"Балауса"балабақшасының тәрбиешісі Жанар Нургазиева

You Might Also Like

Новости

Реклама