Последнее обновление

(Время обновление 1 месяц назад)
Тәуелсіздік жырлары
Тақырыбы: Тәуелсіздік жырлары
Мақсаты: а) еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту
б) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
в) туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар, медиапроектор, үнтаспа
Барысы: Кіріспе
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік туы көтерілгенде дүниеге келген, қазақ перзенті, бүгін 30 жаста. Тәуелсіздік – сенің абыройың, намысың, иығындағы қалқаның, маңдайындағы жұлдызың, төбеңдегі айдарың, қабағыңа біткен айбарың. Ендеше, халқым, Тәуелсіздігіңнің ғұмыры ұзақ болсын!

2-жүргізуші: Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айырықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі мерекелі жыл. Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 30 жыл күллі қазақтың арман – тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 30 жыл, ұлы мерекеміз құтты болсын!

1-жүргізуші: ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 30 жылдық шежіресіне ой жіберейік.

• 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
• 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
• 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
• 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып кірді.
• 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерімізді қабылдады.
• 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды.
• 1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында ерекшк күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Ән «Айналдым елім»
1-оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
2-оқушы:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де талай қорлық азаппенен.
3-оқушы:
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.
4-оқушы:
Тәуелсіздік – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егемен, сан ұлты бар.
5-оқушы:
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

6-оқушы:
Қазақстан – туған Отан, алтын бақ,
Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария,
Қазақстан – мейірім, ана, жер қымбат,
Атады әлі тағы да бір таң күліп,
Жүректерде арман отын жандырып.
Қазақстан бізді туған ұлы Отан,
Жайнай бер сен жайнай бер сен мәңгілік!

7-оқушы
Бізге берік ұлы достық,
Бірлік құрып тілек қостық,
Ұлы мақсат биігіне, Дос жолына жүрек тостық.
Достық – біздің тірегіміз,
Бірге соғар жүрегіміз.
Оттай ыстық бір-біріне
Одақтасқан ұлы елміз!

Би «Сүгір»
2. Мәнерлеп оқу сайысы.
2-жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ХХІ ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
Аман бол, жаңа ғасыр – жаңа заман,
Аман ба, жаңаша күн жарқыраған.
Азат күн, арман ғасыр, мәңгі паш ет
Қазақтың қасиетті ел екенін.
Кезекті мәнерлеп оқу сайысына берейік.
«Тәуелсіздік»
«Тәуелсіздік монументі»
«Тәуелсіздік тұғырынан таймасын»
«Туған еліме»
«Тәуелсізбін»
«Туған жер»
«Тәуелсіз Қазақстан» Күй «Ата толғауы»
«Брежнев алаңында оқылған өлең»
«Айбыны асқақ елім бар»
«Егеменді Қазақстан»
«Тәуелсіздік» Ән «Нұр Астана»
«Тәуелсізбін мен бүгін»
«Қазағым менің»
«Тәуелсіздікке тарту»
«Тәуелсіздік жолы»
«Тәуелсіздік бізге оңай келмеді»

Сайыс қорытындысын шығару үшін әділ-қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
3. Қорытынды
Алаулаған жанарыңнан нұр тамып Бүгін сені күллі дүние жүр танып. Көк байрағың желбірейді көгіңде Әнұраның әлемде жүр шырқалып.
Тәуелсіздігімізге тұғыр болатын саналы да, тәрбиелі, білімді азамат болу – жас өреннің басты парызы. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі армандап өсіп келе жатқан талапты Ұрпақтың еншісі – сол Тәуелсіз Болашақ.

Байқоңыр қаласы,
№2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін
орта мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі
Жакупова Алмагуль Байдуллаевна

You Might Also Like

Новости

Реклама