f.azh.kz
- 19 мар. 2026 14:30
- 26
Қырғызстанның экс-басшысы елге оралып, тергеуге алынды
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев елге оралды. Ол қазір Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) Бас тергеу басқармасында жауап беріп жатыр.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дереккөздердің хабарлауынша, бұрынғы арнайы қызмет басшысы бір айдан астам уақыт, яғни 17 ақпаннан бері елде болмаған. Ол елге оралғаннан кейін бірден ІІМ-ге тергеу-жедел іс-шараларына қатысу үшін шақырылған.
Қамшыбек Ташиев өзінің адвокатымен бірге ІІМ ғимаратына келді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол екі қылмыстық іс бойынша куә ретінде жауап беріп жатыр.
Куәгер мәртебесі
«Ташиевтің оралғаны расталды, ол тергеушінің қабылдауына кірді. Мәртебесі – куәгер», - деп нақтылады ведомстводағы дереккөздер.
Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен ресми растау немесе толық түсініктеме берілмеді. Тергеу мүддесі үшін бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік шақырылған істер бойынша басқа да мәліметтер жария етілмейді.